Қазақстан мұсылдандары діни басқармасының өкілі, бас имам Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, qurban2020.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс 31 шілде мен 1 тамызда да қабылдана береді, - деп жазады Egemen.kz
"Құрбандыққа шалынған малдың етін алуға 380 отбасынан өтініш түсті. "Иманғали" мешіті жанынан құрылған 12 бригада қасапшылары онлайн тапсырысқа сәйкес құрбандық малын союға дайын отыр", -деді Алтынбек Ұтысханұлы.
Өңір тұрғындары құрбандық шалу үшін 73 қойға, 53 тоқтыға, 8 ешкіге тапсырыс беріпті.