Алматыда провизорлық орталыққа өкпесінің 64 пайызы қабынып түскен 87 жастағы әжей жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев мәлімдеді.Оның айтуынша, Психикалық сауықтыру орталығының М. Мақатаев көшесіндегі филиалы пандемияға байланысты провизорлық орталыққа айналып жұмыс жасауда. Осыдан екі-үш апта бұрын мұнда күніне 20-25 науқас түскен болса, қазір орта есеппен 8-10 адамға азайды.«Психикалық сауықтыру орталығының М. Мақатаев көшесіндегі филиалы 5 наурыздан бастап провизорлық орталыққа айналып, қызмет жасап келеді. Шетелден ұшып келген 1800 азаматтың барлығы осы орталықта болды. Оның 152-нен инфекция анықталып, оларды жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырдық. Бірінші шілдеден бастап біздің орталықта 350 провизорлық төсек жасалды. Яғни М. Мақатаев көшесіндегі орталықта 180 төсек болса, Ә. Кекілбаев көшесінде - 170», – деді спикер.