• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2020

Екібастұз қаласының ашық әкімдігінде Еgov бұрышы ашылды

370 рет
көрсетілді

Енді электрондық қызметтерді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Екібастұздықтар соттылықтың болу/болмауы туралы, псих/нарко және ақпараттық анықтамаларды Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайында орналасқан ашық әкімдік ғимаратында ала алады.

-ХҚКО-да енді тек «қағаз» жүзіндегі қызметтер көрсетіледі. Осылайша, Екібастұз облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына көшкен екінші қала атанды, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалында.