• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Шілде, 2020

Солтүстікте аурухана қызметкері карантин кезінде үйлену тойын өткізді

429 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында жас жұбайлар үйлену тойына 40 адамды шақырып, карантиндік режімді бұзды. Күйеу жігіт жергілікті аурухананың қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жекелеген азаматтар үй-жайды жалға алып, үйлену тойына 40-қа жуық қонақ шақырған. Бұл аталған фактілер өрескел заң бұзушылық болып табылады. Өйткені вирус жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, отбасылық мерекені өткізуге атсалысқан провизорлық бөлімшенің қызметкері де жауапкершілікке тартылды", дейді облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Аталған деректер бойынша материалдар Петропавл қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына берілді. Той ұйымдастырушыларын 30 АЕК (83 340 теңге), демалыс базасының иесін – 230 АЕК (638 940 теңге) көлемінде айыппұл күтіп тұр.