• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Шілде, 2020

Жұмысшыларды қолдауға – жарты млрд теңге

268 рет
көрсетілді

«Қазақалтын» компаниясы мен оның еншілес кәсіпо­рын­да­­р­ы­ның қызметкерлері біржолғы материалдық көмек ала­ды. Концерн басшылығы ұзақ уақытқа созылған COVID-19 пандемиясына байланысты штаттағы жұмыс­­шы­­­ларға 100 мың теңгеден бөлу туралы шешім қабыл­да­ды.

«Қазақалтын ТМК» АҚ коронавирус пандемия­сы ке­зін­де бизнестің әлеу­мет­тік жа­уап­кершілігіне қа­тыс­ты ел бас­шылығының бас­та­ма­сын қол­дады. Осы қиын-қыс­тау ке­зеңде отан­дық кә­сіп­орын­дар­дың жұмыс­шы­­ла­ры­на ма­териал­дық қол­дау көр­сету қажет­тілігін Қазақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сының Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен бо­латын.

Біржолғы төлем «Қазақ­ал­тын» концернінің құра­мын­а кіретін кәсіпорындардың 5 412 жұмысшысына тиесі­лі. Бұл мақсатқа компа­ния басшылығы шамамен 550 млн теңге бөлді. Қазақ­­стан Республикасының заңна­ма­сына сәйкес, мұндай материалдық көмекке салық салынуы тиіс, сондықтан қыз­мет­керлер бюджетке міндетті төлем­дерді шегеріп тастап, ақша алады. Қаржылай кө­мек кәсіпорындардың басшылық құрамына және келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қыз­мет­керлерге тағайын­дал­май­ды.

Компанияның бұл бастамасы COVID-19 пандемия­сы кезін­де жұмысшылар ұжымын әлеуметтік тұрғыда қолдауға бағыт­талған іс-шаралардың жалға­сы болып табылады. Елде төтенше жағдай жарияланған кезде «Қазақалтын» өз қызмет­кер­лері мен олардың отбасыларын, сондай-ақ компанияның өндірістік базалары бар Ақсу, Бестөбе және Жолымбет ауыл­дарының тұрғындарын меди­ци­налық маскалармен және анти­септикалық заттармен қамта­масыз етті. Бұл бағыттағы жұ­мыс жалғасады.