• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2020

Атырау облыстық ауруханасында күрделі оталар жасалады

426 рет
көрсетілді

Аурухана хирургтары оны тамыздың ортасында бастағалы отыр. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz 

Бас дәрігердің айтуынша, қазір ауруханада инфекциялық орындар саны азайтылып, жоспарлы емдеу шараларын жүргізуге дайындалуда. Мұнда "таза аймақ" жасақталып жатыр.

"Жақында хирургиялық, неврологиялық, сондай-ақ оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеуді бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды жасауды жоспарлап отырмыз", дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Бұл аурухана шілдеден бері ​ 400 орындық инфекциялық стационарға бейімделген болатын. Қазір ауруханада қауіпті індет жұқтырып түскен науқастардың саны азайыпты.

"Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне инфекциялық аурумен 60-қа жуық науқас түсетін. Соңғы кезде тәулігіне 15-ке жуық  науқасты қабылдаудамыз. Бүгінгі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 137 науқас бар. Енді тамыз айынан бастап 200 керуетке жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдауға дайындалудамыз", деді Ербол Иманғалиев.