• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2020

Карантин кезінде жертөледе компьютерлік клуб жұмыс істеген

385 рет
көрсетілді

Ойын мекемесін Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы бірқатар нысан әкімшілігінің карантин нормаларын сақтауын бақылауға бағытталған рейдтер кезінде "Ақсай-1" ықшам ауданында анықтаған. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

– Көзге бірінші түскен нәрсе терезесі жоқ бөлме, ол желдетілмейді дегенді білдіреді. Ал осы уақытты компьютерлік ойындар ойнаумен өткізетін адамдар үшін вирусты жұқтырып алу қауіптілігі жоғары. Мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды, ол өз құзыретіне сәйкес кейіннен ДКБТУ-дың аудандық бөліміне берілді. Бұл дегеніміз, 230 АЕК көлемінде айыппұл, қазіргі уақытта 638 мың теңгеден асады, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Естеріңізге сала кетейік, қала жағдайында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлері арасында шектеулі шаралардың сақталуын қадағалайтын және бақылайтын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын анықтайтын арнайы мобильді топтар бар.