• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 31 Шілде, 2020

Созақта дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактісі анықталды

316 рет
көрсетілді

Түркістан облысында полицейлер карантин кезінде тұрғындар мен дәріханалардың жоғары сұранысқа ие дәрілік препараттарды және медициналық құрал-жабдықтарды жоғары бағамен заңсыз сату жайттарын анықтау бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәселен, Түркістан облысы Созақ ауданындағы дәріханалардың бірінде дәрі-дәрмектерді негізсіз жоғары бағамен сату жайты орын алды. Жергілікті полицияға Созақ ауданы Құмкент ауылының дәріханасында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған жайтты тексеру мақсатында жергілікті жерге құрамында полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі органдардың өкілдері бар мобильді топ шығады.

Осылайша Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дәріхана сатушысының тұтынушылардың біріне 10 дана "Терафлю", "Цефозалиннің" бес ампуласы және 5 медициналық шприцті 4 мың теңгеден астам қаржыға, яғни белгіленген бағадан екі есе қымбат сатқанын анықтады.

Осы жайт бойынша жиналған материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша фармакологиялық комитетіне заңды шешім қабылдау үшін жіберілді. Жалпы алғанда карантин кезінде Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жоғары бағамен заңсыз сатудың 52 жайтын анықтаған.