Индер ауданында полиция капитаны адасып қалған баланы тауып алып, ата-анасына табыстады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аудан орталығындағы Шоқан Уәлиханов мектебі маңайында адасып, жылап жүрген баланы байқап қалған полицей Алтынай Измұханова ойланбастан, баланың жанына барып, жұбатып, айналадан сұрастыра жүріп, бөлімге ертіп келіп, оқиғаны басшыларға баяндайды.
5-6 жастағы балдырғанның туыстарын анықтау жұмыстарына бөлім қызметкерлері түгелдей жұмылдырылды. Көп ұзамай кішкентай Шыңғыстың тұрғылықты жері мен ата-анасы туралы ақпараттар анықталды. Балаларын өз беттерімен іздеп таппаған соң, полицияға хабарласайын деп отырғандарын айтып, Шыңғыстарының аман-сау табылғанына қатты қуанып, полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.