1 тамызда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 17 533 034, өлім саны - 678 775, айыққандар саны - 10 293 072 адам болды, - деп жазады Egemen.kz
АҚШ-та 4 561 511 жағдай тіркелді, 1 438 160 адам сауығып шықты, 153 415 адам қайтыс болды.
Бразилияда 2 662 485 жағдай тіркелді, 2 008 854 адам сауығып шықты, 92 475 адам қайтыс болды.
Үндістанда 1 638 870 жағдай тіркелді, 1 094 374 адам сауығып шықты, 35 747 адам қайтыс болды.
Ресейде 838 461 жағдай тіркелді, 637 217 адам сауығып шықты, 13 939 адам қайтыс болды.
Оңтүстік Африкада 493 183 жағдай тіркелді, 326 171 адам сауығып шықты, 8005 адам қайтыс болды.