Африканың ОАР, Нигерия, Гана, Алжир, Кения, Камерун, Кот-д'Ивуар, Эфиопия мемлекеттері COVID-19 тырнағын қатты сезінуде, - деп жазады Egemen.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қара құрлықтағы жағдайға алаңдап отыр. ДДСҰ-ның Африкадағы өкілдігі кешегі күні 908 344 адамның ауру жұқтырып, пандемиядан 19 308 жанның о дүниелік болғанын айтты. Ал тамыз айының алғашқы күні SARS-CoV-2 шырмауына 910 395 африкалық ілініп, 19 331 адамның көз жұмғанын "Africa CDC" хабарлайды.