• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Тамыз, 2020

COVID-19: Оңтүстік Америка алқынуда

711 рет
көрсетілді

Латын Америкасындағы мемлекеттерді COVID-19 шарпыған жалын басылар емес. Аргентина, Бразилия, Колумбия тұрғындары ауру зардабын тартуда, - деп жазады Egemen.kz

Аргентинада  соңғы тәулікте 53 адам дүние салып, ал пандемия басталғаннан бері 5241 адам оның құрбаны болған. Азаматтарын аман сақтау жолында Аргентина үкіметі шектеу шараларын тамыздың 16 дейін ұзартып отыр. Олардың ішінде көп мөлшерде айып төлеу  қарастырылғанымен вирус жұқтыру бәсеңдер емес.

Бразилия Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметіне қарағанда індет тарағалы елде ауру жұқтырғандардың саны 2 707 877 жеткен. Оның 1 865 729-ы жазылып шыққанымен, соңғы бір күн ішінде 1088 науқас өмірмен қош айтысыпты.  

Колумбия пандемия патшалық құрғалы  өзінің 10 330 азаматынан айрылған. Кешегі күннің өзінде 225 пациент SARS-CoV-2 салған құрсаудан шыға алмағанын хабарлаған Колумбия Денсаулық сақтау министрілігі елде 1,6 млн адамның вирусқа қарсы тест тапсырғанын жеткізді.