Синьхуа агенттігінің ақпаратына қарағанда, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ұлттық қорғаныс пен қарулы күштерді жаңғыртуға және дамытуға басымдық беретінін мәлімдеген.
Ел басшысының айтуынша, қытайлық келбетті сақтап, ұлттық құндылықты нығайту үшін дамумен бірге қорғаныс саласына да көңіл бөлінуі тиіс. Сондықтан ол мемлекеттің келешегін айқындау мақсатында әскер саласын күшейтуді қажет деп есептейді.
Сондай-ақ ұлттық қорғаныс мен қарулы күштерді жаңғырту елдің жаңғыру үдерісіне сай болуы тиіс. Әрі әскери мүмкіншілік ұлттық стратегиялық қажеттілікке жауап беруі қажет.
Бұдан бөлек, Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясы әрдайым мығым ұлттық қорғаныс пен әлеуетті қарулы күштер қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп келгенін жеткізді.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Қытай осы саланың 2020 жылға арналған мақсаттары мен міндеттерін орындап үлгерген. Енді, жаңа бағытқа қадам басып, қытай әскерін әлемдік деңгейге шығаруға күш салмақ.
Алдағы жоспар бойынша, ұлттық қорғаныс пен қарулы күштерді дамытуға арналған жаңа стратегия 14 жылға арналған. Осы бағдарлама аясында талантты әрі кәсіби әскерилерді жасақтауға басымдық беріледі.