• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 03 Тамыз, 2020

Бір апта ішінде 8 жану және 4 табиғи өрт ошағы тіркелді

521 рет
көрсетілді

Қалыптасқан аптап ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ағымдағы жылдың 2 тамызында республика бойынша 8 жану және 4 табиғи өрт оқиғасы тіркелді.​

Қостанай, Павлодар облыстарындағы 2 орман өрті және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы 3 жану дерегі ТЖК бақылауында тұр.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде дала жануының жалпы ауданы 3537 га, соның ішінде Ақтөбе облысындағы дала жануының ауданы айтарлықтай үлкен – 2 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 1 394 га. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.