• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Тамыз, 2020

Қазақстанда 22 ірі сүт фермасы өз жұмысын бастайды – АШМ

776 рет
көрсетілді

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 6 ірі сүт фермасы іске қосылды, жыл соңына дейін тағы 16 СТФ пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына сүт өнімдерінен импортты алмастыру бойынша үлкен  міндет қойылған. Осы жоспардың аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын 25 өнеркәсіптік сүт фермасын пайдалануға беру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша 3810 бас ІҚМ-ға арналған 6 сүт фермасы іске қосылды. Олардың бесеуі Алматы облысында орналасқан: "Аксут LLC" ЖШС СТФ және "Фирма Апрель", "Алматы" Племзавод, "Қарабасова" және  Садыхан ШҚ.

Сонымен қатар, Түркістан облысында сүт тауарлары фермасын кеңейту жобасы аясында 1600 басқа арналған «Қазына жер» ЖШС ашылды.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігі СТФ құрылысы жобаларына сараптама жүргізу рәсімін жеңілдеткенін атап өткен жөн.

Ірі қара малдар саны 1500-ге дейін (қоса алғанда) сүт өндіруге арналған мал шаруашылығы кешендерін II (қалыпты) жауапкершілік деңгейіне жататын ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық тұрғыдан күрделі нысандарға жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына түзетулер енгізілді.

Бұл мемлекеттік монополияға қатысты кешенді ведомстволық емес сараптамадан өту міндеттемесін жоққа шығарады. Осылайша, жобаның тапсырыс берушілеріне (фермерлеріне) кез-келген аккредиттелген сараптамалық ұйымды ТЭН немесе жобалық-сметалық сараптама жүргізу үшін таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл процестерді жеделдетуге және құрылысқа қажетті құжаттарды дайындау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін фермерлер кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткен кезде мал шаруашылығы жобаларын іске асырудың құны мен қымбаттауы туралы бірнеше рет шағымданған болатын.