• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Тамыз, 2020

Трамптың COVID-19 шегінді дегені шындыққа келе ме?

166 рет
көрсетілді

АҚШ Президенті Дональд Трамп COVID-19 шегінгенін айтса, бір күн бұрын Ақ Үйдегі КВИ бойынша үйлестіруші Дебора Биркстің сөзі басқаша болған еді, деп жазады Egemen.kz

Президент Трамп: "Елде ауруды жеңуде айтарлықтай прогресс бар. Аризонада ауру көрсеткіші -37 пайызға, Техаста-18,7, Флоридада-21,2 пайызға азайды", деген. Алайда АҚШ бойынша COVID-19-бен күрестің үйлестірушісі Дебора Биркс бір күн бұрын: "Біз КВИ-мен күрестің жаңа кезеңіне келдік. Вирус ірі қалаларды да, ауылдарды да аралап кетті. Егер отбасыңызда егде адамдар болса  тұмшаны үй ішінде тастамауға кеңес береміз", деген болатын.

ABC News хабарына қарағанда 15 штатта, мәселен, Миссури, Джорджия, Теннесси, Миссисипи және Оклахома сынды штатарда әлі де вирус жұқтыру бәсеңдемеген.