Ақтауда жерлеу рәсіміне жаппай жиналу фактісіне байланысты ІІМ қызметтік тергеу амалдарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласында жерлеу рәсіміне байланысты адамдардың көп шоғырлануы фактісі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды.
Маңғыстау облысында 3-17 тамыз аралығында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде қатаң шектеу шаралары, соның ішінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны белгілі. Аймақта қатаң шектеулер қойылғанына қарамастан, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзуға жол бермеу бойынша уақтылы шаралар қолданбаған.