Елімізде 4 тамызға бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Күндіз 5 тамызда Ақмола облысында батыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан: күндіз 5 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 16 м/с.
***
Күндіз 5 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында қатты ыстық 35 градус сақталады. Шығыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
***
5 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
5 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
***
Күндіз 5 тамызда Қостанай облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қ: 5 тамызда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 16 м/с күтіледі.
***
5 тамызда Алматы облысында күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі.
Талдықорған қ.: күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі.
***
5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік- шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе қ.: 5 тамызда найзағай, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
***
5 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 5 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
***
5 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Орал қ.: 5 тамыз найзағай, жел солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с күтіледі.
***
5 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Атырау қ.: 5 тамызда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-100 %