Сауд тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында Қазақстан – Сауд Арабиясы ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы талқыланды.
Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға дайындығын растады.