Атырауда Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді, деп хабарлайды Egemen.kz
Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымына жаңа бастық, азаматтық қорғау полковнигі Омар Құмарұлы Бержановты таныстырды.
Ол еңбек жолын 1989 жылы Гурьев облыстық ішкі істер басқармасының №57 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып бастады. Кейін Атырау облысы МӨҚҚ анықтау бөлімінің бастығы, Атырау облысы бойынша ӨС және АҚЖҚ ММ филиалы бастығының орынбасары, Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде ӨС және АҚЖҚ ММ бастығы болып жұмыс істеді.
Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.
ІІІ, ІІ, І дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медальдарымен, "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»" төсбелгісімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.