• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 04 Тамыз, 2020

ZIK компьютерлері қазақстандық оқушылардан сұранысқа ие

204 рет
көрсетілді

ZIK компьютерлері қазақстандық оқушылардан сұранысқа ие,  деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінгі таңда "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ-да компьютерлік техника өндірісін оқшаулау деңгейі 30%-ды құрайды, бұл ретте зауыттың жобалық қуаты айына 50 мың бірлікке дейін компьютерлік техника шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта зауыт Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының қажеттіліктері үшін ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін 5 мың дана дербес компьютерлерді орнатуды жоспарлап отыр. Зауыт ұсынатын компьютерлік техниканың техникалық сипаттамалары ұқсас өнімдерден асып түсетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырысты ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін орналастырған жағдайда, зауыт осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 5 мың бірлік компьютер техникасын және а.ж. 1 қазанына дейін 40 мың бірлік көлемінде шығаруға дайын екенін хабарлаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, Зауыт 2019 жылы отандық компьютерлік техниканы өндіру жобасын іске асыруға кірісті.

2019 жылдың маусымында зауыт Қытайдағы компьютерлік техниканың ірі өндірушілерінің бірі – Great Wall шетелдік компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасады.

Анықтамалық:

Zik компьютерлерін шығаратын зауыттың алгоритмі:

- 2019 жылғы қарашада зауытта компьютерлік техника өндірісінің технологиялық процесі жолға қойылды;

- 2019 жылғы желтоқсанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі сертификаты және компьютерлік техниканың аппараттық бөлігіне ақпараттық қауіпсіздік сертификаты алынды;

- 2020 жылғы сәуірде зауыт өнімі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қалыптастыратын "сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне" енгізілді;

- 2020 жылдың мамыр айында Microsoft корпорациясымен зауыт шығаратын компьютерлерге бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату туралы серіктестік келісімге қол қойылды. Осы келісім 2020 жылы 1 шілдеде күшіне енді;

- 2020 жылдың шілдесінде Зауыт өнімдерінің партиясы қалалық және ауылдық білім беру мекемелері жағдайында пайдалану сынақтарынан өтті. Сынақ нәтижелері бойынша ноутбуктер кейбір параметрлерді жақсарту бойынша ұсыныстармен білім беру жүйесінде пайдалануға ұсынылады.