• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Тамыз, 2020

Бейрутта жойқын жарылыстан 10 адам мерт болды

596 рет
көрсетілді

Бейруттағы жойқын жарылыстан 10 адам мерт болды. Соның ішінде 400-ге жуық тұрғын ауыр жарақат алды. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Соңғы жылдары Бейрутта мұндай жарылыс алғаш рет болып тұр. Жарылыстың дүрсілін жергілікті халық жер сілкінісі деп ойлаған. Тұрғындар өздерінің зардап шеккен туыстарын үйінді арасынан іздеп, әрі-сәрі күй кешуде.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар бөліскен жарылыстың суреттері мен порттың қалай жарылғаны туралы видео түсірілімдер өріп жүр.

Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб сәрсенбі күнін Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандарға байланысты "Ұлттық аза тұту күні" деп жариялады.

Ал Бейрут қалaсының губернаторы жарылыстан қаланың жартысына зақым келгенін мәлімдеді.