Turkish Airlines Стамбул - Бішкек - Стамбул бағыты бойынша рейстерді қайта бастайды. Бұл туралы бүгін, 5 тамызда Түркияның Қырғызстандағы елшілігі хабарлады.
Рейстер аптасына екі рет орындалады. Стамбул - Бішкек бағыты бойынша ұшуға тек Қырғызстан азаматтарына ғана рұқсат етіледі.
Елшіліктің хабарлауынша, Қырғызстан азаматтары Түркияға кірерде ПТР тестінен өтуі шарт емес. Карантин режимі қолданылмайды.