• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2020

Атырауда қауіпті індетті жұқтырғандардың 72 пайызы жазылып шықты

276 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Өңірде коронавирус инфекциясымен 10​ 383 науқас тіркелді. Оның 7458-і  сауығып шықты. Індеттен жазылғандар барлық науқастың 72 пайызын құрады" деді ол.

Оның айтуынша, қазір Атырауда 1170 инфекциялық, 787 провизорлық керует бар.

"Бірақ, бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. Індеттің екінші толқынына дайындықты күшейттік. Дәрі-дәрмекпен қамту, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылданды. Сонымен бірге, ауруханалардағы жоспарлы емдеуді  бастап,  есепте тұратын науқастар күнделікті емін алады" деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.