10 тамыздан бастап Қазақстан Таиланд пен Грузияға әуерейстерді ұшыруды қайта жандандыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Биылғы жылдың 10 тамызынан бастап Таиланд пен Грузияға әуерейстерін қайта бастау жоспарлануда", деді Сайранбек Бармаков ОКҚ брифингінде.
Ұшуды ұйымдастыру бойынша Көліктегі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің қатаңдатылған іс-шаралары барысында орындалатыны атап өтілді.
Ведомствода еске сала кетейік, осы жылдың 2 шілдесінде Мемлекеттік комиссия халықаралық рейстерге қатысты елдер тізімін одан әрі ұлғайтпай, тек бұрын рұқсат етілген елдермен (Түркия, Оңтүстік Корея, Грузия, Таиланд, Қытай, Жапония) ұшуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.