• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Тамыз, 2020

Шаралар тиімділігі бойынша топ бастап тұр

173 рет
көрсетілді

Қазақстанда COVID-19 индикаторлары бойынша өңірлер арасындағы кезек­ті аралық рейтинг өтті. Бұл туралы мәлімдеген өңірлік қоғамдық коммуникация орта­лы­ғы­ның хабарлауынша, Маңғыстау облысы 18 көрсеткіштің 16-сына қол жеткізген, ал бір көрсеткіш қазіргі таңда жүзеге асырылуда.

Күн сайын өңірлердегі жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін анықтау үшін 17 индикатор бо­йынша мониторинг жүргізіледі. Бұл индикаторлардың арасында тек қана COVID-19 сырқаты бойынша ғана емес, сонымен қатар тестілеумен қамтылған халықтың саны, COVID-19 сырқатын анықтауға арналған тестілеудің тиім­ді­лігі, реанимациялық бөлімшелердегі орын­дардың толықтығы, ауруханалардағы орындар қорының жай-күйі және өзге де мәліметтер қамтылған. Бұдан өзге халықтан түскен арыз-шағымдардың уақтылы қаралуы, коронавирус инфекциясымен күрес шараларын халықтың жағымсыз жағынан қабылдауының деңгейіне қатысты тармақтар да бар. Осы индикаторлар бойынша Маңғыстау облысы «жасыл» деңгейге қол жеткізіп отыр. Бұл қайтыс болғандардың саны және оксигенотерапия ТИК бойынша көрсеткіштерден басқасы болып есептеледі, соңғы тармақ жүзеге асырылу барысында.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында екі инфекциялық аурухана бар. Олардың бірі 1970 жылы, ал екіншісі 1981 жылы салынған. Қазіргі таңда олардың тозу көрсеткіші 80% және 100%-ды қамтып отыр. Дегенмен бұл медициналық мекемелер инфекциялық қауіпсіздік стандарттарына сай екенін атап өту ләзім. Сонымен қатар мұнайлы өлкеге 200 керуеттен тұратын тағы бір аурухана қажеттілігі байқалуда. Құзырлы орын­дар­дың мәліметіне сүйенсек, аталған аурухананың құ­рылысы, техникалық және медициналық жаб­дық­талуы 5,5 млрд теңгені құрайды деп болжануда.

 

Маңғыстау облысы