• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Тамыз, 2020

ДДҰ сарапшылары мектептерді ашуға асықпау керектігін ескертті

1957 рет
көрсетілді

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 18 миллионнан асты, ал күнделікті жаңа жағдайлардың саны 250 мыңға жуықтайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлеуметтік желіде көп көтерілетін мәселелер бойынша шұғыл жиын өткерді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиын барысында белгілі болғандай, ДДҰ сарапшылары жаңа коронавирусты зерттейтін орталықтармен,  ғалымдарымен байланысты үзген емес.   Қолдағы мәліметтердің қорындысы инфекцияның негізгі таралу  көзі дерттенген  адам екенін тағы да дәлелдеді. "Инфекция қаупінің дәрежесі екі факторға байланысты, физикалық жақындық және арақашықтық. Байланыс неғұрлым ұзақ болса, инфекцияның қаупі соғұрлым жоғары болады. Егер ауру адам маска кисе, ол басқаларға онша қауіп төндірмейді", - дейді ДДҰ сарапшылары.  

ДДҰ сарапшылары  адамдар қалыпты өмірге оралуға тырысатынын түсінетіннін,  жастардың спорттық ойындарға тағы да қатысқандарын қалайтынын тағы да ашып өтіпті. Бірақ қай жерде жүрсе де  физикалық қашықтықты сақтауды ұмытпау қажеттігін, бұл  инфекцияның таралуын болдырмауға болатын жалғыз әдіс екенін ескертіпті.

Сонымен қатар БҰҰ сарапшылары жас балалардың әдетте инфекцияға онша бейім еместігін және олар инфекцияның белсенді тасымалдаушысы болып көрінбейтінін, ал үлкен жастағы балалар "аурудың таралуына көбірек қатысады" деп атап көрсетті.

Сондай-ақ  ДДҰ мамандары мектептердің де балалардың қауіпсіздігіне 100 пайыз  кепілдік бере алмайтынын, балаларға қатысты зорлық-зомбылық кей жағдайда мектеп аулаларында болып жатанынын да еске салып өтіпті. "Вирустың таралуы бақылауға алынған жерлерде мектептер ашылуы мүмкін, бұл жерде жағдайды бақылау мүмкіндігі туралы айтып отырмын. Алайда COVID-19 бақылауы әлсіз аймақтарда мектептер ашылса, жағдай айтарлықтай нашарлайды", дейді ДДҰ сарапшысы Майк Райан.

Майк Райан  баланы мектепке жібермес бұрын барлық ақпаратты, соның ішінде мектеп ғимаратының ауданы, оқушылар саны және осы аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескеруге шақырды.