• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Тамыз, 2020

COVID-19: Түркиядағы індетпен күрес

138 рет
көрсетілді

Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахредтин Қожа  Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында 6 тамызда вирус таралуы жөнінде инфографиканы жария етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ондағы мәліметке қарағанда қазіргі уақытқа дейін ел аумағында ауру жұқтырғандардың жалпы саны 236 112 адамды құрап, тек кеше ғана 1178 тест тапсырушыдан вирус барлығы анықталған.

Кеше 19 пациент SARS-CoV-2-ден қайтыс болып, оларды қосып есептегенде  барлығы 5784 түркиялық пандемия кезінде бақиға аттанған көрінеді.

Инфографикада 219 506 адамның аурудан айығып, індет елге келгеннен бері 5 027 308 тест тапсырылғаны көрсетілген. Ал кешегі күні 53 842 түркиялық тестілеуден өтіпті.