• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қаржы 07 Тамыз, 2020

Депозиттердің сыйақы мөлшері

629 рет
көрсетілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгемен салынған депозиттерге қатысты биылғы қыркүйек айы­на ұсынылған ең жо­ғары сыйақы мөлшер­ле­мелерін бекітті.

24 айға арналған мерзімді депозиттерді қоспағанда, теңге депозиттердің барлық түрі бо­йынша мөлшерлемелер тамыз айындағы деңгейінде қалды. Нәтижесінде қыркүйекте мерзімсіз салымдар бойынша максимал мөлшер жылы­на 9 пайызды құрайды. Бұл Ұлт­тық банктің базалық мөлшер­лемесіне сәйкес келеді. База­лық мөлшерлеме ақша құны­ның экономикадағы негізгі бағдары болып табылады. 

– Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 айлық мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшер­лемелер – 9 пайыз, ал то­лық­тыру құқығы жоқ түрі бойынша 9,5 пайызға тең. Дәл осындай мерзімдерге шақталған жинақ депозиттердің толық­тырылатын түрі бойынша мөлшерлемелер – 10 пайыз, толықтырылмайтын түрі бо­йынша – 10,5 пайызға тең, – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Мерзімі 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша ұсынылған ең жо­ғары мөлшерлемелер өзге­ріс­сіз қалды. Ең жоғары мөл­шер­леме ретінде бұған дейін бекітілген шектің мәні қабыл­данады, ол 14 пайызды құ­райды.

24 айлық мерзімді салым­дар бойынша нарықтық мөл­шерлемелер төмендеп келе жатқанын айта кету керек. Яғни жинақ депозиттерімен са­­лыс­тырғанда мерзімді са­лымның бұл түріне банк­тер­дің қызығушылығы тө- мен.