• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Тамыз, 2020

Жастарға жан-жақты көмек бар

506 рет
көрсетілді

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жастарға психологиялық көмек көрсету жөнінде вебинар өткізді.

Жастар ресурстық орта­лық­тарының қызметкерлері мен психологтары вебинар барысында ұйым­ға хабарласқан тұрғындарға қол­дау білдіруді дұрыс жолға қою­ды үйренді. ЮНИСЕФ жастар ре­сурстық орталықтарының психологтарына COVID-19-дың таралуы кезінде психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жолдары жөнінде тәжірибелік ұсыныстарын таныстырады. Бұл психологиялық әдістемеліктер барлық жастар ре­сурстық орталықтарына беріледі.

Жоба авторлары бұл ұсыныстар Жастар ресурстық орталықтарының психологтарына жүктелген негізгі функ­циялардың орнын баспайтынын айтады. Қайта оларды толықтыра оты­рып, қашықтан жұмыс істеу тәр­тібіне көшуге байланысты қызметті ұйымдастырудың кейбір ерек­шелік­терін түсіндіреді. Көп жастар ор­талықта психолог көмегіне жүгінуге болатынын білмей жатады. Сол себепті сарапшылар, ең алдымен, ақ­па­рат­тандыру мәселесіне аса мән беру керек деп есептейді. «Ақпарат жастар­дың психологқа өз бетінше жүгі­нуге ынталандыратындай және осы­лайша қолдауға мұқтаж тұлға­ларды анықтауға қолғабыс ететін­дей жолмен берілуі тиіс» делін­ген БҰҰ ұсынған құжатта. Қазақ­стан халқына індет кезінде психо­ло­гиялық көмек көрсету үшін ашылған арнайы covid-19.mentalcenter.kz интернет ресурсы да бар екен. Сайтта стресті, үрейді қалай жеңуге болаты­нына қатысты сұрақтарға жауап табуға болады. Жастар ресурс­тық орталықтарының психологына жү­гінген адаммен әңгімелесу алғашқы пси­хо­логиялық көмек ретінде бағала­нады, сондықтан вебинарда маман­дарға жастармен қалай жұмыс істеу керек екені егжей-тегжейлі түсін­дірілді. Мұндай көмекке мұқ­таж жанмен әңгіме кезінде оны мұқият тыңдап, әңгімесін аяқтауға мүм­кіндік беру керек екені айтылды. Ұйым­дас­ты­рушылар вебинар нәти­жесінде елі­міздегі жастарға арналған ұйым қыз­метінің, жастарға көрсетілетін көмек сапасының артатынына сенімді.