АҚШ-та сауық кеші жасырын өткен үйлерде су мен жарық өшіріледі, - деп хабарлайды Egemen.kz
Енді жасырын түрде сауық кештерін өткізген азаматтардың үйінде су мен жарық өшіріледі. Өйткені соңғы уақытта шаһарда жастардың жаппай жиылып, шектеу шараларын бұзу оқиғалары жиілеп кеткен.
Сондай-ақ жастар арасында коронавирус инекциясының таралуы жиілеген. Лос-Анджелесте соңғы тәулікте 2 мың 300-ден аса жаңа дерек расталса, солардың 60 проценті – 18 бен 49 жас аралығындағы тұрғындар болып шықты.
Айта кету керек, қазіргі таңда АҚШ-та 4 882 433 адам коронавирус жұқтырды. 1 598 624 адам індеттен жазылып шықты. 160 091 адам коронавирустан қайтыс болды.