• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Тамыз, 2020

"Жастар" сарайына қарама-қарсы жаңа арбат пайда болады

555 рет
көрсетілді

Ж.Омаров жаңа жаяу жүргіншілер көшесінде 2 субұрқақ салу жоспарланған. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бүгінгі таңда Ж.Омаров көшесі Республика даңғылынан Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына дейін абаттандырылуда. Бірінші кезең – Әуезов көшесіне дейінгі аймақ биыл аяқталады. Бейбітшілік көшесіне дейінгі бөлікті келесі жылы аяқтау жоспарлануда.

Жоба бойынша Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейін субұрқақты қайта құру қарастырылған. Жаңа субұрқақ кешені "Халықтар Достығы" монументінің айналасында салынады. Одан субұрқақпен аяқталатын жасанды ағын пайда болады.

Ағынның бойында су аттракциондарын салу жоспарлануда. Тағы бір субұрқақ Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының жанында пайда болады. Бұл аумақта шағын сәулет нысандары, инсталляциялар, веложол, көлеңкелі шатырлар қойлады. Сауда павильондарын, ойын аймақтары мен балалар алаңдарын салу қарастырылған.

Бұл жұмыс "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" жоспары шеңберінде жасалуда. Ол жаяу жүргіншілерге жағдай жасау, көп орталықтылыққа бағытталған тәсілдерді енгізу, жасыл желектер мен веложолдар санын ұлғайту, көпірлер, қоғамдық кеңістіктер салуды қарастырады.