"Атырау-Индер" бағытына салынған жол жиегінің асфальты ойылып, шұңқыр пайда болды. Бұл деректі облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы растады.
«Аталған жолдың Ақжайық ауылы тұсындағы 98-ші шақырымында ойықтың пайда болғаны рас. Жолжабындысының жиегіндегі шұңқырды қалпына келтіруге арнайы техникалар мен қажетті материалдар жіберілді. Қазір жолдың бүлінген жері қалпына келтірілді» -деп хабарлады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.