Солтүстіктегі көршіміздің 84 федералды аймағында бір күнде 5118 адамнан COVID-19 анықталғаны туралы LENTA RU жазады.
Ресей Федерациясында бүгінгі күнге дейін елдің 85 федералды аймағында 892 654 адам вирус жұқтырып, 15 001 ресей азаматы өмірмен қоштасқан. Ал кеше 70 пациентті құтқару мүмкін болмаған. Есесіне бір тәулікте 3 259 адам жазылып шығыпты.
Пандемия Мәскеу, Санкт-Петербург сынды миллиондық қалалар мен Свердлов, Мәскеу, Ростов облыстарында өзге федералдық өңірлерге қарағанда көбірек көрініс бергенімен, тамызда Мәскеуде шілдеге қарағанда вирус тіркелуі 29,9 пайызға азайған. Елде бүгінге дейін 30,6 млн тест тапсырылған көрінеді.