• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Тамыз, 2020

Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

313 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, 11 тамызда Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 11 тамызда найзағай күтіледі бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында 11 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі.

11 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 11 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей  жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында күндіз 11 тамызда солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында күндіз 11 тамызда солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

11 тамызда Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.                                                                                                  

Қостанай қаласында 11 тамызда найзағай.  Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

11 тамызда Ақтөбе облысының солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

11 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында 11 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %