• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Сайлау 11 Тамыз, 2020

Беларусь: Президенттік сайлау аяқталды

590 рет
көрсетілді

Өткен жексенбіде Беларусьте президент сайлауы өтті. Осы елдің Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметке сүйенсек, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинаған.

ОСК төрағасы Лидия Ермо­шинаның сөзіне сүйенсек, оппозицияның басты өкілі Светлана Тихановская 9,9 па­йыз дауыс жинаған. Бұдан бөлек, Анна Канопацкая – 1,68%, Андрей Дмитриев – 1,04%, Сергей Черечень – 1,13 пайыз қолдауға ие болған.

Л.Ермошинаның айтуын­ша, сайлаудың алдын ала қоры­тындысының өзгеруі екіталай. Дауыс есептеудің қорытынды нәтижесі осы аптаның соңында нақты белгілі болады.

Орталық сайлау комиссиясы келтірген мәлімет бұған дейінгі мемлекеттік экзитпол­дың нәти­жесіне сай. Өйткені экзит­пол бойынша қазіргі мемлекет басшысы А.Лукашенко 79,7 пайыз дауыс жинайтыны болжанған-ды.

Сайлау аяқталғаннан кейін Беларусьте жаппай наразылық акциялары өтті. Соның салдарынан дауысты санауға кедергі келген. «Біз оларды қолмен жаздық. Өйт­кені Орталық сайлау комиссиясында сарапшы екеуміз ғана болдық. Түнгі сағат бірде Үкімет үйінен эва­куа­цияландық. Сон­дықтан біз нәтижелерді қабылдай алма­дық. Нәтижелер брифинг басталар алдында ғана қолымызға тиді», деді Л.Ермошина журналистерге берген сұхбатында.

Беларусь ОСК-ның мәліме­ті бо­­йын­ша, сайлауға 5 798 908 адам, яғни тізімдегі сай­лаушы­лардың 84,23%-ы қатысқан.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Беларусьтің бірнеше қаласында президент­­тік сайлаудың нәтижелеріне келіс­пейтін азаматтар тәртіп сақ­шылары тарапынан ұстал­ған. Tut.by басылымы Минскідегі жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейнетүсірілімдерді жарияла­ды. Жиналғандар олардың алдын­да тұрған қауіпсіздік қызмет­кер­леріне қарсылық көрсеткен. Тәртіп сақшылары тұрғындарды үй­лерінен шықпауға және қала алаңдарына жиналмауға шақырды.

Ішкі істер министрлігі рұқ­сат етілмеген жаппай шара­лар өтіп жатқан Минск және респуб­ликаның басқа да өңірлеріндегі жағдайды қадағалап отырғанын хабарлады. «Минск пен басқа да қалалардағы жағдай толығымен бақылауда. Ұсталғандар бар, бірақ әзірге жалпы мәліметтер жоқ», деді ведомствоның ресми өкілі Ольга Чемоданова.

Орталық сайлау комиссия­сы сайлау қорытындысын жа­рия­­ла­ғаннан кейін Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Алек­сан­др Лука­шенконы Беларусь Прези­денті болып қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

«Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан, сайлау­дың қорытындысы халық Сіз­дің Беларусь мемлекетінің егемен­дігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағы­тыңызды қолдайтынын көр­сетті», делінген жеделхатта.