• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2020

Бір айда карантин тәртібінің 700-ден артық бұзушылығы анықталды

197 рет
көрсетілді

СҚО-да карантиндік шектеулерге құрамында әкімдік, прокуратура, санэпидбақылау өкілдеріжәне полиция қызметкерлері бар жұмыс тобы мониторинг жүргізеді, - деп жазады Egemen.kz

Індет жұқтыру қаупі жоғары болғандықтанадамдар жаппай жиналатын орындартексерушілердің басты назарында болды.

Бірінші кезекте дүкендер тексерілді. Өкінішке орай, саудаорындарының иелері мен қызметкерлері бәрібірдей клиенттердің қауіпсіздігінежауапкершілікпен қарамайды. Адамдармен үнемітығыз қарым-қатынаста бола тұра, олар бетпердетағу режімінің сақталуын және санитайзерлердіпайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етпейді, қолғапкию қажеттігін елемейді. Соңғы 30 күннің ішіндеоблыста осындай 200-ден астам бұзушылықанықталды. Ұқсас фактілер 24 дәмханадаанықталды, тағы 7 факті демалыс базаларындаорын алған.

Ең өрескел бұзушылықтардыңқатарында – клиенттердің арасында әлеуметтік ара қашықтықты сақтамау болып отыр. Карантинкүшейтілген уақытта демалыс күндері қызметінтоқтатуға міндетті базалардың жұмыс істеу мысалы екі жерден анықталды.

"Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен қабылданған шектеулер індет жұқтыру қаупін төмендетуге бағытталған.Өкінішке орай, басқа облыстарда орын алған коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру жағдайларынан кейбір солтүстікқазақстандықтар өздеріне ой түймеген. Адамдар бетперде тағу режімін елемейді, кейбір кәсіпкерлер олжа табу үшін тыйымдарға көз жұмып, келушілердің өмірі мен денсаулығын қауіпке тігеді", - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Жұмыс топтары өз қызметін бастағалы жалпы саны 757 бұзушылық анықталды, оның 295 Петропавл қаласында. Полицейлер аса қажеттіліктуындамаса, айыппұл жазасына жүгінбеугетырысады, үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, заңнама талаптарын түсіндіреді және халықтыкоронавирустың таралуын тоқтату қажеттілігінежауапкершілікпен қарауға шақырады.

Солтүстік Қазақстан облысы