Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, мессенджерлер арқылы "Атырау қаласы тікұшақпен уланады. Осы арқылы балалар ауырады" деген жалған ақпарат таралған.
"Атыраудың провизорлық стационарларына балалар керуетін əкеліп, əдейі ауру таратылып жатыр» деген мазмұндағы әйел адамның таратқан ақпараты шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай жалған ақпарат таратушылар еліміздің қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеміз". деді Нұрлыбек Қабдықапаров.