ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды. Бұл туралы Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ҚХР төрағасының айтуынша, елде жыл сайын бидай өндіру көлемі артып келеді. Бірақ соған қарамастан елдегі азық-түлік қауіпсіздігін әркез басты назарда ұстаған жөн. Әсіресе қазіргідей сәтте азық-түлікті тиімді пайдалану аса маңызды. Өйткені осы жылғы коронавирус пандемиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне өз әсерін тигізген-ді. Осы орайда Си Цзиньпин азық-түлікке қатысты бақылауды күшейтіп, тиімді шаралар қолдану керектігін айтады.
"Азық-түлікті бей-берекет пайдалануға жол бермес үшін оның алдын алу қажет. Осы мәселеде насихатты күшейту керек", - дейді Си Цзиньпин.
Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ҚХР төрағасы үнемі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне баса мән береді. Ол осыған дейін де тамақ қалдықтарын азайтуға, үнемдеуге шақырған.