2020 жыл шілдесінің қорытындысы бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша жалпы тиелім 21,2 млн тоннаны құраса, соның ішінде еліміз бойынша – 14,2 млн тонна, ал экспортқа – 7 млн тонна тасымалданды, деп хабарлайды Egemen.kz
7,3 млн тонна көмір тасымалданды. Қазақстандық тұтынушылар үшін 5,3 млн тонна қатты отын тиелсе, экспортқа – 2 млн тонна.
Астықтың 521 мың тоннасы тиелсе, соның ішінде экспорт 399 мың тонна.
Шілдеде химиялық тыңайтқыштар тасымалы 24% өсті (355 мың тонна), түрлі түсті руда мен күккірт шикізаты - 18% (2,1 млн тонна), темір рудасы мен марганец - 12% (2,5 млн тонна). 446 мың тонна қара металдар, 1,4 млн тонна мұнай жүктері, 2 млн тонна құрылыс жүктері тасымалданды.
Шілдедегі пайдаланылған жүк айналымы 19,8 млрд т-км неттоны құрады және өткен жыл көрсеткішінен 4,5 % асты.
Жеті айдың қорытындысы бойынша жүкайналымы 131,6 млрд т-км неттоны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 4% жоғары.
Толықтай алғанда қаңтар – шілдеде 143 млн тонна тиелсе, соның ішінде еліміз бойынша 93 млн тонна, экспортқа – 50 млн тонна. Атап айтқанда, 56,8 млн тонна көмір тасымалданса, соның ішінде ҚР аумағы бойынша 41 млн тонна, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 7% жоғары.
4,7 млн тонна астық, 10,9 млн тонна құрылыс жүктері, 15 млн тонна темір рудасы мен марганец, 9,3 млн тонна мұнай жүктері тасымалданды.
Қара металдар тасымалы 6% (2,8 млн тонна), химиялық тыңайтқыштар тасымалы 6% (2,3 млн тонна), түрлі түсті руда мен күкірт қышқылы тасымалы 16% (13 млн тонна) өсті.