Бұл лауазымды Сатқан Ыбырайұлы Есенғалиев атқаратын болды. Аймақ басшысының өкімімен, Білім және ғылым министрлігі келісімімен тағайындалған жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырды.
Сатқан Ыбырайұлы 1988 жылы Гурьев педагогикалық институтын "тарих, қоғамтану пәнінің мұғалімі" мамандығымен бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы Махамбет аудандық мәдениет бөлімінде басталыпты. Әр жылдары Махамбет ауданының Жалғансай орта мектебінде, №1 облыстық мектеп-интернатта оқытушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры болып жұмыс істеді.
Ал, 2008 жылы Кеңөзек селолық округінің әкімі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті кадрлармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2008-2009 жылдары Атырау қалалық білім бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облыстық департаментінің басшысы болды.
Бұдан соң 2011-2013 жылдары облыстық білім басқармасының басшысы, 2013-2014 жылдары Балалардың құқықтарын қорғау комитеті облыстық департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті облыстық департаментінің басшысы болды. 2017 жылдан бері Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің облыстық департаментіне басшылық етті.