• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Экология 12 Тамыз, 2020

12 тамызға арналған ауа райы болжамы

551 рет
көрсетілді

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерті жарияланды, - деп жазады Egemen.kz.

12-13 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда бүгін жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда бүгін кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай күтіледі. Күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл, жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстанда найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 12 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 18 м/с жетеді.