• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2020

Алматы облысында ет пен сүт өндірісі артып, құрылыс жұмыстарының көлемі өскен

262 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Алматы облысында өңдеу өнеркәсібінің, аграрлық саланың, құрылыс жұмыстарының көлемі артқан. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс 5 %-ке, ауыл шаруашылығы 2,4 %, ал құрылыс жұмыстары 6,5 % өсім көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың қаңтар – шілде айларында облыста экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілген. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде тамақ өнімдерін, темекі бұйымдарын өндіру, фармацевтика, электр жабдығын өндірудің жоғарылауы есебінен (105,9%) өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5%-ке ұлғайып, 636,0 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығындағы өсім 2,4%, яғни 264,2 млрд. теңгеге жеткен, ет және сүт өндірісі артты.

Карантин кезеңінде тоқтамай жұмыс істеген саланың бірі – құрылыс. Соның нәтижесінде бұл саладағы жұмыстардың көлемі 6,6%-ке өсіп, 119,4 млрд. теңге болды. Атап айтқанда, 525 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылған. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасындағылар осы жылы инвестиция тарту ісінің де бәсеңдемегенін айтады. Олардың мәліметіне сүйенсек, жеті ай ішінде облысқа 292,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 9,3%-ті құраған.