• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Тамыз, 2020

Гандболдан Азия чемпионаты желтоқсанда өтеді

193 рет
көрсетілді

Азия гандбол федерациясы гандболдан әйелдер арасындағы құрлық біріншілігі өтетін мерзімді атады. Бұл туралы Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Азия гандбол федерациясының атқарушы комитеті әйелдер арасындағы бәсекенің өту уақытын жариялады. Әйелдер арасындағы Азия біріншілігі 10-20 желтоқсан аралығында өтеді. 

Аталған турнир 2021 жылы Испанияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады. 

Құрлықтық федерация әлемдік гандбол ұйымымен ақылдаса келе, осындай шешім қабылдағанын мәлім етті.