• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Тамыз, 2020

Тыйым салынған аудионы таратқан ер адам жауапқа тартылды

451 рет
көрсетілді

Көлік полицейлері тыйым салынған аудио жазбаны сақтаған "ВКонтакте"  парақшасының иесін жауапқа тартты. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Көліктегі полиция департаментінің Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Атырау облысының 25 жастағы А. есімді тұрғынынан "әлеуметтік желіде тыйым салынған діни мазмұндағы аудиожазбаны сақтау" фактісін анықтады.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов мәлімдеді.

– Дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша аудио жазбалардың Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды, – дейді С.Жоланов.

Атырау қаласының мамандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде 55 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.