Испания мен Бразилия ғалымдары теріс резус-факторлы адамдар коронавирусты жиі жұқтырады және оларда ауру ауыр өтеді деп мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
126 елдегі коронавирустың таралуын зерттеген ғалымдар теріс резус-факторлы адамдар көп тұратын мемлекеттерде вирусты жұқтыру қарқыны жоғары болғанын анықтады. Ондай мемлекеттердің қатарына Австралия, Австрия, Бразилия, Жаңа Зеландия, Испания, Ұлыбритания, Швейцария және АҚШ кіреді.