• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Тамыз, 2020

Қостанай облысының әкімі мәслихат депутаттарына есеп берді

134 рет
көрсетілді

Мәслихат мінберінде облыстың соңғы 7 ай ішіндегі даму қарқыны жөнінде баяндаған Архимед Мұхамбетов індетке байланысты жарияланған шектеу шараларының кедергі келтіргеніне қарамастан, аймақ экономикасында ілгерілеу бар екенін атап өтті.

Мәселен, аталмыш кезең ішінде облыста өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі - 106,5%; ауыл шаруашылығы – 102,0%; негізгі капиталға салынған инвестиция - 113,8%; құрылыс жұмыстары –114,3%; тұрғын үйлерді пайдаланымға енгізу - 108,4% көрсеткішке ие болған.

Өнеркәсіп өндірісінің өсімі - 6,5%-ға артып, 777,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу кәсіпорындарының өнімі 18,9%-ға артып отыр.  

Сонымен қатар, аймақ басшысы депутаттарға облыста жоспарланған инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, ТКШ жүйесін, жұмыспен қамтуды, денсаулық және білім беру салаларын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде  баян етті.