• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2013

Күрес күшеюде

292 рет
көрсетілді

Ел Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XV съезінде: «Біз адал жұмыс істейміз және халыққа барлық кемшіліктер туралы ашық айтамыз. Адамдар жергілікті жерде жемқорларды түстеп таниды, ал бұл оларды қатардағы «нұротандықтар» да біледі деген сөз. Олар бірінші болып дабыл қағып, жемқорларды әшкерелеуі керек», деген еді. Ендеше, шенеуніктер арасындағы нағыз жемқорларды, яғни сыбайлас жемқорлыққа жан бітіретін адамдарды шенеуніктердің өздері де жақсы біледі. Бірақ «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегендей, олардың бәрі қазынаның қаржысына ілінген бір жіптің бойына байланғандар. Дегенмен, Елбасы тапсырмасы аясында агент­тік төрағасының сыбайластық жемқорлыққа қарсы нұсқауының негізінде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы батыл шараларды қолға алды. Сөйтіп, үстіміздегі жылы аталған департамент қыз­мет­керлері шағын және орта бизнес ісіне заңсыз араласу бойынша 8 қылмыстық істі анықтады.

 

Ел Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XV съезінде: «Біз адал жұмыс істейміз және халыққа барлық кемшіліктер туралы ашық айтамыз. Адамдар жергілікті жерде жемқорларды түстеп таниды, ал бұл оларды қатардағы «нұротандықтар» да біледі деген сөз. Олар бірінші болып дабыл қағып, жемқорларды әшкерелеуі керек», деген еді. Ендеше, шенеуніктер арасындағы нағыз жемқорларды, яғни сыбайлас жемқорлыққа жан бітіретін адамдарды шенеуніктердің өздері де жақсы біледі. Бірақ «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегендей, олардың бәрі қазынаның қаржысына ілінген бір жіптің бойына байланғандар. Дегенмен, Елбасы тапсырмасы аясында агент­тік төрағасының сыбайластық жемқорлыққа қарсы нұсқауының негізінде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы батыл шараларды қолға алды. Сөйтіп, үстіміздегі жылы аталған департамент қыз­мет­керлері шағын және орта бизнес ісіне заңсыз араласу бойынша 8 қылмыстық істі анықтады.

Атап айтқанда, Астана қала­сы бойынша халықты әлеу­меттік бақылау және қорғау депар­та­мен­тінің мемлекеттік еңбек инспекторы кәсіпкерді әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін одан 50 мың теңге тұратын Француз сән үйінің сертификатын пара ретінде алған, нәтижесінде аталған лауазымға қатыс­ты 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты. Сонымен қатар, «Жастар сарайы» МКҚК директорының әкімшілік-шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасарының міндетін атқа­ру­шы Әлмағамбетов «Жастар сара­йының» бассейнін жүзуге үйрету жаттығуын жүргізуге жеке кәсіпкерге жалға бергені үшін 800 мың теңге пара алған. Ал Астана қаласы Сарыарқа ауданы салық басқармасының бас маманына қатыс­­­ты қылмыстық іс прокуратураға жолданды. Ол интер­нет-дәмханасында касса­лық тәртіпке байланыс­­­ты ұстал­ған кәсіпкерді әкімшілік жауап­кершіліктен босату мақсатында 30 мың теңге көлемінде пара алған.

Жалпы, Астана қаласының барлық әлеуметтік тіршілігіне қатысты салаларындағы сыбайлас жемқорлық өрттей лаулап тұр. Статистикалық тіркеу көрсеткіші­не талдау жүргізетін болсақ, был­тыр­ғы анықталған сыбайлас жем­қ­ор­лық­қа қатысты қылмыстық істермен салыстырғанда, биыл ол екі есеге, яғни 53-тен 101-ге дейін көбейген. Сыбайлас жем­қор­лықтың кеңінен таралған түрі парақорлық, лауазымды өкілет­тілікті теріс пайдалану, бюджет қаражатын жымқыру және т.б. байланысты болып отыр. Мәселен, 101 сыбайластық жемқорлыққа қатысты қылмыстық істің 34-і немесе үштен бір бөлігі парақорлыққа, 41-і лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалануға және 6-уы бюджет қаражаттарын мемлекеттік сатып алу кезінде жымқырып қалуға байланысты анықталған.

Ағымдағы жылдың 16 тамызында айыптау қорытындысымен прокуратураға Алматы ауданы әкімдігі аппаратының әлеуметтік сала және кәсіпкерлік жөніндегі бас маманына қатысты қылмыстық іс жолданды. Ол маусымдық сауда орнына келісім беруге және қамқорлық жасауға жеке кәсіп­керден 150 мың теңге мөл­шерін­де пара алған. Сонымен қатар, Ақмола облысы Цели­ноград ауда­нының тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманына қатысты қыл­мыстық іс сотқа жіберілді. Ол бағдарлама бойынша тұрғын үй алудың тізіміне кезектен тыс енгізу үшін А есімді азаматтан 500 мың теңге пара алған. Сол сияқты Білім және ғылым министрлігінің Білім беру саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің басқарма бастығы заң ғылым­дары­ның кандидаты ғылыми дәрежесін беру үшін 10 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлық көрі­ніс­тері мердігерлік жұмыстарға тендерді жүргізумен және нысандарды іске қосуды қабылдаумен байланысты мемлекеттік органдар мен акционерлік қоғамдарда да көптеп байқалуда. Мәселен, жүргізілетін мемлекеттік сатып алуда оң шешім қабылдау үшін 14,5 млн.теңге пара алуға ұмтыл­ған «АстанаЭнергоСервис» серік­тестігінің бақылау және мониторинг бөлім бастығына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Сол сияқ­ты «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК директорының орынбасары және аталған мекеменің мемле­кеттік сатып алу бөлімінің басшы­сы мемлекеттік сатып алуға байла­ныс­ты шарт жасау кезінде 576 мың теңге пара алғандары үшін ұста­лып, қылмыстық іс сотқа жібе­рілді.

Бұдан басқа, аталған депар­тамент қызметкерлері «Стома­то­логия» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС бастықтарына қатысты бюджет қаражаттарын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Аталған серіктестік Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасымен мемлекеттің 100 пайыздық жарғылық капиталымен медициналық көмектің кепілді көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін құрылғаны белгілі. Алайда іс жүзінде аталған серіктестік әлеуметтік қорғалмаған тұрғын­дарға, яғни Ұлы Отан соғысы­ның ардагерлеріне, аяғы ауыр әйелдерге, мүгедектерге, көпба­лалы аналарға, зейнеткерлерге тегін стоматологиялық қызмет көрсетудің орнына, ойдан шыға­рыл­ған аяғы ауыр әйелдер, зейнеткерлер, жасөспірімдер туралы жалған мәлімет енгізумен осы мақсатқа бөлінген бюджет қаражатын иемденіп, жеке мүддесіне пайдаланған.

Заң бойынша жауапқа тарту тек пара алғаны үшін ғана емес, сонымен қатар, пара бергені үшін де көзделгені қазір баршаға аян. Соған қарамас­­­тан, бүгінде пара берудің 12 дерегі анықталды. Мәселен, С. және К. деген азаматтар қылмыстық жауап­­­кер­шіліктен жалтару және дәлелдік құжаттарды қайта­рып алу үшін қаржы полициясы қызметкеріне 40 мың АҚШ долларын пара ретінде ұсынған. Қазіргі кезде аталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Осылайша, Астана қалалық қаржы полициясы департаменті сыбайлас жемқорларға қарсы күресті жандандыра түсті.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар