Сәулесін шашқан еліне
Аспандағы шырақсың.
Аққан жұлдыз секілді,
Ойың жүйрік пырақсың.
Әділдіктің ақ Туын
Берік ұста қолыңда.
Талай тағдыр тоғысқан,
Жатыр сенің жолыңда.
Арыстандай айбатың,
Жолбарыстай қайратың,
Биліктің желі көтеріп,
Табаның тақтан таймасын.
Жақсылығың көп болып,
Өсе берсін талабың.
Етене боп еліңмен
Кәдесіне жарағын.
Тиген жерін қиятын
Алтын жүзді алмассың.
Сүйекке біткен талантың
Ұрпағыңа жалғассын.
Құрманғазының оркестрінде, бейнелеп айтқанда, жүз адам ойнайды. Жүз адамның қолында жүз түрлі аспап бар, дауыстары бір-біріне ұқсамайды. Ал белгілі бір күй тартқанда бір-ақ аспаптың дауысындай шығады, жұрттың бәрінің назары дирижердің шыбығының ұшында болады.
Қоғамға да дәл осындай бірлік керек, әлемде де, өмірде де егесіз нәрсе жоқ, бірліктің егесі де өзің. Мықтап ұста, ел бірлігі нығая берсін!
Әубәкір ЖАППАРОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы.