"Болашақ" бағдарламасымен оқитын студенттердің оқу ақысы 10-нан 50 пайызға дейін арзандап жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Оқудың онлайн форматқа өтуіне байланысты қазақстандық тарап шетелдік университеттермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Алдағы семестрде 637 стипендия иегері оқуын жалғастырады. Қазіргі күні жартысының оқу ақысы арзандады. Қалғандарының да төлемақысын төмендету мәселесі пысықталып жатыр. Бұдан бөлек, "болашақтықтар" шетелде емес, елде отырып оқитын болғандықтан, шәкіртақылары да қазақстандық норматив бойынша төленеді. Яғни, 700 мыңның орнына 280 мың теңге беріледі.